Қазақстанның Мексикадағы Елшісі Андриан Елемесов Мексика Депутаттар палатасының мүшесі, Халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы Альфредо Фемат Баньуэлоспен кездесіп, оның барысында саяси және экономикалық салалардағы екіжақты қазақстан-мексикандық қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге кедергі келтіретін негізгі қиындықтар талқыланды.
Атап айтқанда, мексикандық тарапқа Қазақстанның астанасында Мексиканың дипломатиялық өкілдігін тезірек ашу қажеттілігі туралы қайта хабарланды. Сонымен қатар, экономикалық және құқықтық салалардағы негізгі екіжақты келісімдерді жасасу қажеттігі атап өтілді.
Кездесудің қорытындылары бойынша жақын арада Мексиканың Депутаттар палатасында Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі Достық тобын құру туралы, сондай-ақ ү.ж. қазан-қараша айларында ҚР Елшісінің Сакатекас штатына жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.