СІМ басшысы жаңа шетелдік елшілерді қабылдады

@Delovoj Kazahstan



Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Андрей Негуц (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Симон Марко Мумви (Танзания Біріккен Республикасы), Манас Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Қазақстанда міндетін қоса атқарушы шетелдік елшілерді қабылдады.

Кездесу барысында шетелдік елшілер Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтары және Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпаратпен кеңінен таныстырылды.

Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды дамытуға, екіжақты тауар айналымының өсуіне жәрдемдесуге, экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа тауашаларын табуға, сондай-ақ мәдени және қоғамдық байланыстарды дамытуға келісті.

Өз кезегінде шетелдік дипломаттар Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген сыртқы саяси және экономикалық жетістіктерін жоғары бағалады.

Елдің сыртқы саяси ведомствосының басшысы шетелдік елшілерге екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жемісті қызмет тіледі.



Данные о правообладателе фото и видеоматериалов взяты с сайта «Деловой Казахстан», подробнее в Правилах сервиса
Анализ
×
Густаво Адольфо Лопес Кальдерон
Последняя должность: Чрезвычайный и Полномочный Посол (Посольство Республики Гватемала в Российской Федерации)
Карстен Сендергорд
Последняя должность: Чрезвычайный и Полномочный Посол (Посольство Королевства Дания в Российской Федерации)
Бранко Раковец
Последняя должность: Чрезвычайный и Полномочный Посол (Посольство Республики Словения в Российской Федерации)
Симон Марко Мумви
Последняя должность: Чрезвычайный и Полномочный Посол (Посольство Объединенной Республики Танзания в Российской Федерации)
Мацца Джон