Елорда әкімі бір жарым ай ішінде 51 проблемалық нысанды аралады



Қала әкімі Алтай Көлгінов проблемалық нысандардың тұрғындарымен кездесті. 170 үлескері бар "Көктал-2" тұрғын үй кешені орталық жылуға қосылмаған. Үй пайдалануға берілмеген, тұрғындар былтырдан бері тұрып келеді.



«Үйдің жобасы бар, мемлекеттік сараптауданда өттік. Тек пәтер құжаттарын ала алмай отырмыз. Құрылыс салушы біздің үйдің төменгі техникалық этаждарые пәтер ретінде сатып жіберген болатын. Жаңбыр жауған кезде шатырдан су кетеді. Осы мәселені қарастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Орталық жылуға қосылмағанбыз. Егер жоғарғы қабаттар салыстырмалы түрде жылы болса, 1 және 2 қабаттар суық. Кей кездері тек 15 градус жылы болады", - деді "Көктал-2" тұрғындары.



Бұдан басқа, тұрғындар паркингтегі орындарды сатып алған, бірақ паркинг жобада қарастырылмаған.

Сондай-ақ, қала әкімі "Жаңа Отан" проблемалық объектісінде болды. Мұндағы үлескерлердің саны 35 адамды құрайды. Нысан 2015 жылы проблемалық деп танылды. Қазір инвестор құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Әкімдік тиісті құжаттарды алуға көмек көрсетті.

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Оберег" және "Берекет" тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесті. Сыртқы инженерлік желілерге сараптама жүргізілмеген, құжаттарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде. "Берекет" тұрғындары үй қолдануға берілмегеніне қарамастан, үйде тұрып жатыр.

"Бізде 68 пәтер, 45 үлескер бар. Үй 90% - ға дерлік аяқталды, тек орталық жылу жүйесіне тұрғын үй кешенін қосу қажет. Шатыр қазірдің өзінде ағып жатыр. Құжаттар жоқ. Аулалар абаттандырылмаған, көше жарығы да жоқ", - деді "Берекет" ТК тұрғындары.



Әкімдік проблемалық деп танылған әр құрылыс обьектісі бойынша жұмыстар жүргізуде. Бір жарым ай ішінде қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың 51 проблемалық нысанын (76 үй) аралады. Үлескерлердің саны 14 мыңнан астам адам. Қала әкімдігі тұрақты негізде тұрғын үй кешендерінің құрылысы барысын қадағалайтын болады.


astana.gov.kz

Хотите больше?

Получите полный доступ к новостям и аналитике бесплатно и без рекламы.

Анализ статьи

×
Места
Места действия
Алтай
Места